7 жасар ұлды зорлаған бұрынғы депутат жәбірленушінің туысы болып шықты
- авторjambylinfo.kz
- 7 қыркүйек, 2024
- 544
Бала зорлады деген күдікке ілінген AMANAT партиясы филиалының бұрынғы басшысы жәбірленуші баланың туысы екені белгілі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы Жетісу облыстық Білім басқармасы мәлімдеді.
Бала зорлады деген күдікке ілінген AMANAT партиясының мүшесі Серікқан Жақыповтың ісіне қатысты мәліметтер белгілі болды. Оқиға 15 тамызда депутаттың үйінде болған. Ер адам жәбірленушінің туысы (әйелінің әпкесінің ұлы) болып шықты, – делінген Білім басқармасының хабарламасында.
Полицияға сорақы оқиғаны жәбір көрген 7 жасар баланың анасы хабарлаған. Білім басқармасының мәліметінше, жыныстық зорлық-зомбылық әрекеті Серікхан Жақыповтың Жансүгіров ауылындағы үйінде болған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024