Ақмола облысында балабақша терезесінен құлаған баланың атасына қатысты дәрігерлер арыз жазылған
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 24 маусым, 2024
- 513
Жуырда Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Ақсу ауылындағы балабақшаның 2-ші қабатынан 4 жасар бала құлап кеткен еді, деп жазады jambylinfo.kz.
Баланың атасы бейнежазбада айтқандай, жедел жәрдем көлігі бұзылып қалып, ауыл дәрігері шақыртуға жаяу келген. Өздері көлік тапқан баланың туыстары оны Шортанды аудандық ауруханасына апарғанымен, қансырап жатқан баланы «бас дәрігер жоқ» деп 40 минут қабылдамаған. Аудандық ауруханада көмек ала алмаған ата-ана баланы өз көлігімен Астанаға жеткізгенімен, көп қан жоғалтқан бала комаға түсіп кеткен еді.
Қазіргі таңда балаға ота жасалған. Баланың жағдайын білу мақсатында анасы Ұлжан Саматпен тілдескен едік.
«Алғашқы көмек көрсетілген сәтте, баланың аяғы сынғанын дәрігер білмеген. Бала жылаған сайын оны көтеріп алып, ары-бері дәрігер таппай жүгіріп жүрдік. Сол уақытта сынып тұрған аяқ сүйегінің арасына етін кіргізіп жіберіппіз. Дәрігерлердің айтуынша егер дәрігерлер дер кезінде аяғы сынғанын біліп, тиісті көмек көрсеткенде, баланың аяғын отасыз-ақ жазып алуға болады екен. Аудандық ауруханада 40 минуттай дәрігер таппай жүріп қалдық. Бас және самай сүйектері сынған. Қан тамырлары жарылып, қан ұйыған. Қазір палатаға ауыстырды. Жағдай бір қалыпты», - дейді ол.
Ұлжанның айтуынша, баланы қарамаған аудандық аурухананың дәрігерлері қазір оның үстінен арыз жазған.
«Бізді жұлқыды» деп дәрігерлердің өзі арызданып жатыр. Атам ешкімді жұлқыған жоқ. Ол кісі жанұшырып баласына дәрігер іздеді», – дейді анасы Ұлжан.