«Ақпараттық соғыста марқұм Салтанаттың жағы ұтылып жатыр». Ринат Зайытов Бишімбаевтың соты әділ өтеді дегенге күмән келтірді
- авторjambylinfo.kz
- 29 ақпан, 2024
- 1.2k
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың пікірінше, әйелін өлтірді деген күдікпен қазір ісі сотқа жеткен экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев қоғамның пікірін өз пайдасына бұра білетін азамат, деп жазады jambylinfo.kz.
Press.kz агенттігінің сұрағына жауап берген Зайытов қазір ақпараттық кеңістікте «ақпараттық соғыс» жүріп жатыр дейді. Және депутат атап өткендей, ол соғыста Нүкеновтердің отбасы жеңіліп жатыр.
«Қуандық Бишімбаев деген азамат - кезіндегі жүйеде жұмыс істеп, қоғамды қалай алдаусырату керек, қоғамдық пікірді қалай бұру керек екенін өте жақсы меңгерген адам. Менің ойымша, қазір марқұм Нүкенова ханымның тарапына жасалып жатқан шабуылдар, адамның аузы бармайтын қылмысқа қатысы бар деген сияқты әңгімелер шықты. Оның барлығы сол әулеттің (Қуандық Бишімбаевтың – ред.) қоғамның арасындағы пікірді қалай бұрмалауға болатынын жақсы меңгергенін көрсетіп тұр. Кісі өлімі болған қылмыстық істерде, дәлелі бар қылмыстық істерде қандай да бір ақталудың орын алуы мүмкін емес. Ондай ақпараттық соғыс болып жатыр. Және өкінішке қарай, жәбірленуші тарап ақпараттық соғыста ұтылып жатыр деп ойлаймын", - дейді Ринат Зайытов.
Атап өткеніміздей, Ринат Зайытов кіші Бишімбаевтың алқа билерді сұрауында бір гәп бар деп санайды. Сондықтан ол журналистің сұрағына сұрақпен жауап берді.
"Қазақстанда соңғы рет әділетті сотты қашан көрдіңіз?! Біздің сот жүйесі жеке мемлекет сияқты жұмыс істейді. Ашқысы келсе ашады, жапқысы келсе жабады. Халықтың қатысуымен ашық сот жасау керек дейтіндей Бишімбаев деген оппозициялық тұлға ма, халықтың сөзін сөйлеген адам ба, жазықсыз жәбір көріп сотталып жатқан адам ба?!" - деп ашынды депутат.
Естеріңізге сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі 26 ақпан күні қылмыстық істер жөніндегі Астана аудандық мамандандырылған сотына түскен болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024