Ақындар Жүрсін Ерманды 75 жылдық мерейтойымен құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 18 ақпан, 2026
- 445
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманды шәкірттері мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бейнежазбаны желіге айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жүктеді.
Видеода оның Сырым Әуезхан және Жандарбек Бұлғақовпен бірге ұстазының шаңырағына арнайы барғанын көруге болады.
«Бүгін қазақ айтысының қара нары, бәрімізді әкеміздей қамқорлығына алып, сахнаға шығарған Жүрсін ағамызды 75 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап қайттық. Ертеңгі дүбірлі тойдың басын өзінің ақын ұл-қыздары бастап бергеніне Бақытжамал апамыз екеуі бір марқайып қалды. Ағамыздың мерейлі мерекесіне Жезқазғаннан арнайы келген ағайын-туыстары кеше ғана өзіміз өткізген «Қазақи шоуды» сүйсініп көргенін және жобаның жалғасын тағатсыздана күтіп жүргенін айтты. Жүрсін ағамыз да біздің бастамамызды жоғары бағалап, алдағы жоспарларымызға ақ батасын берді. Айтыстың ақсақалы, қазақ өнерінің қара нары ұзақ жасасын!» - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Ұқсас жаңалықтар
Ғажайыпқа сендірген оқиға: екі бүлдіршіннің өмір үшін күресі
- авторБақытжан Бекболат
- 15 сәуір, 2026






