сенбі, 23 қараша, 2024 12:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алқалы топ - Ащыбұлақ ауылында

Алқалы топ - Ащыбұлақ ауылында
ашық дереккөзі
Алқалы топ - Ащыбұлақ ауылында
Тұрғындары кеңпейіл, қошыналары тату тұратын Ащыбұлақ ауылы облыстық «Үлгілі ауыл» байқауында ауданымыздың намысын қорғайтынын ескерсек, дүйсенбі күні облыстың зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңес пен ардагерлер алқасы, бірқатар басқарма маманынан құрылған жұмысшы топ ауылдың тыныс-тіршілігімен етене танысу үшін арнайы келді. Құрамында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен қоғамдық кеңестің мүшесі Масат Берік бар рухани және тәрбиелік мазмұндағы құндылықтарды үлге ету тобы алдымен сұрапыл соғыста жан тәсілім еткен қаһармандарымызға арналған ескерткіште бас қосып, есімдері құлпытаста жазылған ардагерлердің әруағына тағзым етті. Мұнан соң алқалы топ облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Асарлатып үй салу» жобасы аясында көпбалалы отбасыға салынып, бүгінде құрылысы толығымен аяқталған баспананы аралап көрді. Керемет үлгіде бой көтерген тұрғын үйді таныстырған ауыл әкімі Самат Селеубаев, көп ұзамай отбасының игілігіне берілетінін жеткізді. – «Бәрекелдені» ауыл азаматтарына айтқанымыз жөн болар. Тұрғындардың ауызбіршілігінің арқасында баспана бой көтеріп отыр. Шын лайық отбасыны анықтаған ақсақалдардың үлесін, қолы ашық азаматтардың жомарттылығын айтпай кетуге болмас. Бүгінде 8 млн теңге жұмсалып, инфрақұрылымдық жүйесі толығымен тартылып, сырты қоршалған үйге тек бала-шағаның күлкісі ғана жетпей тұр, – деді Самат Апсадықұлы бөлмелерді аралай жүріп. Жұмысшы топтың келесі аялдаған тұсы – ауылдық кітапхана. Сана қорымен таныстырған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева мен кітапханашы Маржан Ордабаева кітапханада 8000 астам кітап қоры, цифрландырылған орталық сондай-ақ қазақы салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттайтын қыз-келіншектерге арналған танымдық бөлменің жұмысын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Алқалы топ үстіміздегі жылы пайдалануға берілген Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында аралап, ауылдық клубта тұрғындармен келелі кездесу ұйымдастырды. Кездесуде сөз алған ардагер-ұстаз Амангелді Қоңырбаев, ауылдан шыққан өнерпаздар мен спорт саңлақтарды, биліктегі басшылар мен қоғам қайраткерлердің өмір жолына тоқталып, сипатты әңгімелерінде жасырып қалмады. Елдік мүддеден туындаған ұсыныстарын ортаға салды. Құрамында әлеуметтік сала мамандары бар топ Ә.Әлімбаев көшесіндегі амбулаториялық пунктін, «Жауқазын» бөбекжайын, Қ.Сартбаев атындағы орта мектептің жай-күйін көрсе, экономикалық көрсеткіштерді және инфрақұрылымды дамыту тобының мүшелері мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауылішілік көшелерге тартылып жатқан газ құбырының, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының орындалуына басымдылық берді. Төртінші топ – ауыл шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту. Топ мүшелері ауылдағы сауда-саттық дүкендерін, қант қызылшасын жинау жұмыстарымен танысты. Барлық сала бойынша мәліметке қанығып, кейбір шикіліктерді де бұғып қалмай, қордаланған мәселелердің шешілу жолдарына күш салу керектігін алға тартқан алқалы топ, ауылдық клубта қорытынды жиынын өткізді. Кездесуді аудан әкімнің орынбасары Олжас Баққараев жүргізіп, айтары бар топқа сөз берді. Зерделеу нәтижесінде, кәсіпкерлік нысандарға өң беру, көрнекі ақпарат құралдарына өзгешелік пен жаңашылдық еңгізу, кіші футбол алаңының төсенішін ауыстыру қажеттілігі байқалды. Жұмысшы топпен бірге аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәуле Төлекова, аудандық ардагерлер кеңеснің төрағасы Бахыт Сырлыбаев және бірқатар бөлім басшысы мен маманы болды. Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар