сейсенбі, 15 шілде, 2025 14:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Алла берген өнеріңді тоқтатпа»: әкесінің сөзі Төреғалидың шешіміне әсер етер ме

«Алла берген өнеріңді тоқтатпа»: әкесінің сөзі Төреғалидың шешіміне әсер етер ме
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali
Белгілі әнші Төреғали Төреәлі жақында әлеуметтік желіде барлығын тоқтататынын меңзеген жазба қалдырып, оқырмандарын ойландырып қойды.

Осы ретте әншінің әкесі, Төреәлі Төлепов Instagram парақшасында ұлына арнап жазған өлеңін бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол ұлының шешіміне алаңдаушылық білдіріп, өнерін жалғастыруға шақырды:

"Жаңалықты оқып ап, не дерімді?

Сенбесімді білмедім сенерімді.

Бірдеңені тоқтатам деп қойыпсың,

Көп жастар алар еді сенен үлгі.

Ақылыңды тоқтатсаң жарар ұлым,

Мен саған беріп келем берерімді.

Алла берген тоқтатпа өлеңіңді,

Алла берген тоқтатпа өнеріңді!"

Айта кетейік, Төреғали бұған дейін "бәрін тоқтатам" деген жазбаны Instagram парақшасына жариялап, кейін екіұшты пікір қалдырған болатын. Тыңдармандар оның бұл әрекетін түрліше жорыды – бірі расымен қоштасып жатыр десе, енді бірі уақытша үзіліс деп топшылады.

https://www.instagram.com/reel/DLjs2qzN7Q9/?igsh=MW1pNnlzZXFjazdzeg==  

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар