Қоғам
Алматының наиб-имамы: Құрбандыққа не қажылыққа несие алу дұрыс емес
- авторБақытжан Бекболат
- 4 маусым, 2025
- 357

Бұл туралы ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты
Алматыдағы Орталық мешіттің наиб-имамы Тимур Әлиевтің айтуынша, құрбандыққа мал шалуға немесе қажылыққа баруға несие алу – шариғатқа қайшы, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, исламда адамды шамасынан тыс нәрсеге мәжбүрлеу жоқ.
"Алла Тағала пендесіне шамасы келген нәрсені ғана жүктейді. Егер адамның жағдайы болмаса, ол үшін сұралмайды – бұл құрбандыққа да, қажылыққа да қатысты", – деді наиб-имам.
Сондай-ақ ол қажылыққа бару – тек физикалық әрі қаржылай мүмкіндігі бар адамға ғана парыз екенін еске салды.
"Қазір кейбір азаматтардың умра не қажылыққа бару үшін қарыз алып жатқанын көріп жүрміз. Бұл – дұрыс емес. Мұндай талап жоқ, әрі ол шариғатқа сәйкес келмейді", – деп түйіндеді ол.
Келесі мақала
Сарысуда мемлекеттік рәміздер ұлықталды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Ләйлә Сұлтанқызы Оксфорд университетінен ресми шақырту алды
- авторБақытжан Бекболат
- 25 маусым, 2025