сенбі, 5 қазан, 2024 22:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарияларға құрмет көрсетілді

Қарияларға құрмет көрсетілді
ашық дереккөзі
Қарияларға құрмет көрсетілді

Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығында 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қарияларды мерейлі мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

Арнайы жайылған дастарқан басына аймақтың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-мәдени дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлері шақырылып, аймақ басшысымен емен-жарқын әңгіме құрды.

Жиында сөз алған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қазыналы қариялардың елдің гүлденуіне қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, ақ тілегін айтты.

 

– Құрметті ардагерлер, қазақтың «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген сөзі бекер айтылмаған. Қазіргі бейбіт ғұмыр кешіп жатқанымыз – сіздердің еңбектеріңіз бен төккен терлеріңіздің нәтижесі. Бүгінгі егемен ел болып, өзімізді өзіміз асырап, өзіміздің саясатымызды құруымызға да қосқан үлестеріңіз өлшеусіз.

Сіздер болмасаңыздар, кім білер еді, қайда баратынымызды, қандай мемлекет болатынымызды. Сіздер тек қана Әулиеата өңірі үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін майданда ел қорғап, тылда да тынымсыз еңбектендіңіздер. Талай білімді де білікті азаматтарды тәрбиеледіңіздер. Жастарыңызға қарамастан үлкен қоғамдық жұмыс жасап келесіздер. Әсіресе, халық арасындағы достықты, бірлікті, ынтымақтылықты сақтау үшін, тұрақтылықты ары қарай сақтау сіздердің ықпалдарыңыз зор.

Бүгінде облысымызда ғасырдан аса жасаған 29 қария тұрып жатыр. Ол да болса, мемлекетіміздің жасаған қамқорлығының нәтижесі. 90 жастан асқан 1 085 қарт бар екен. Жалпы, қазақстан халқының орташа жасын 75 жасқа жеткізу туралы Мемлекет басшысының Жолдауында да айтылды. Сол секілді ата-әжелеріміздің 90-80 жасқа жетуі, мемлекетіміздің саясатының дұрыс болғанын көрсетеді. Халықаралық мерекеге орай, сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеймін, – деді Бердібек Машбекұлы.

 width=Мұнан соң сөз алған облыстың құрметті азаматы, ардагер-журналист Баттал Жаңабайұлы облыс басшылығының тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық пен ілтипатқа алғысын айтты.

Қала тұрғыны Раиса Оразалықызы да ақжарма тілегін әсем әнмен жалғап, мерекелік кештің ажарын ашты.

Ардагерлер кездесу барысында ономастикаға қатысты мәселелер мен басқа да ұсыныстарын тілге тиек етті. Ардагерлердің сөзін назарға алған облыс басшысы, аталған мәселерді қолға алуға уәде етті.

Мерекелік жүздесуден соң облыс басшысы бастаған топ облыстық ардагерлер ұйымының ғимаратына барып, ондағы тіршілікпен танысып, қариялармен тілдесті.

 width=

Айжан Өзбекова

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар