сенбі, 5 қазан, 2024 22:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарияны қадірлеген халықпыз

Қарияны қадірлеген халықпыз
ашық дереккөзі
Қарияны қадірлеген халықпыз

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен қазақ баласымыз. Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет. Соны қадірлеген біздің халық үшін күнтізбедегі 1 қазан – Қарттар күні деп белгіленген. Осы орайда талай жасты тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген қарттарымызды аталмыш төл мерекесімен құттықтау мақсатында кеше аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Қарты бар ел – қазыналы мекен» тақырыбында қонақжай кеші өтті. Бұл мереке – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін айрықша күн. Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы болу. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Кеш барысында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жұлдызай Жарылқасын келушілерді құрметті қонақтармен таныстырды. Олардың арасында Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Бейсенбек Асқаров пен Сайлаубек Ережепбаев, құрметті ардагер Жақсылық Сәлемов, білім саласының үздігі, ардагер ұстаз Алтынхан Сапарбаев, кітапхананың тұрақты оқырманы Аманжол Ақанов бар. Қонақжай кеште оқырман­дар қариялардың өнегелі де өсиетті, тәрбиелік мәні бар тұ­щымды әңгімелерін тыңдады. Ақсақалдар іс-шараны ұйымдастырған кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді. Бұл күні әр адамның ойында «Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан, бар саналы ғұмырын Отанына арнап, тынымсыз еңбегімен мемлекетіміздің дамуына жол ашқан қарттарымыздың төл мерекесі құтты болсын!» деген тілек қалды.

Гүлюаршын Сейтқазиева, "Шұғыла"
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар