жексенбі, 7 шілде, 2024 17:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарттарға құрмет көрсетілді

Қарттарға құрмет көрсетілді
ашық дереккөзі
Қарттарға құрмет көрсетілді

Халқымыз қарттарды елдің қазынасына балаған. Құрмет көрсетіп, төрге оздырған. 1 қазан –Халықаралық қарттар күні қарсаңында бабадан балаға жалғасқан дәстүр сабақтастығы өзіндік ерекшелігімен үйлесім тапты. Талас ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Жамбыл облысы «Мүгедек жастар қоғамы» бірлестігіне қарасты «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» ұйымының ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында мерекелік шара өтті. Басқосу коронавирус пандемиясына қатысты талаптар мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау арқылы жүзеге асты. Жалпы, мекеме 70 жалғыз басты қартқа қызмет көрсетеді. Бірақ, қазіргі ахуалға байланысты шараға шақырылған мереке иелерінің санына шектеу қойылғанын айта кетуіміз керек. Қарттар күніне арналған шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов: -Қарияларға қамқор болу-барлық қоғамның және әрбіріміздің міндетіміз. Өйткені, жасы ұлғайған адамдар-мемлекеттің алтын қоры, дәстүрлердің сақтаушысы, патриоттылықтың, іске адал­дықтың, шыдамдылық пен сенімділіктің жарқын үлгісі. Сүйікті және қамқоршы балаларыңыз, немерелеріңіз, жақын адамдарыңыз әрқашан сіздермен бірге болсын! Ұзақ бақытты ғұмыр тілеймін,-деді. Сондай-ақ, шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байұзақ Көлбайұлы, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Есенгелді Малкайдаров қарияларға жүрек жарды лебізін арнады. Басқосуға келген еңбек ардагерлеріне аудан әкімінің Алғыс хаты мен ұйымдастырушылар дайындаған арнайы сый-сияпаттар табыс етілді. Өз кезегінде Күлшай Майке, Сания Хайретдинова, ауданның Құрметті азаматы Жолдасбек Субинов қарияларды назардан тыс қалдырмай құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін арнап отырған аудан әкімі мен мекеме басшыларына ризашылығын білдірді. Мерекелік шара Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар