"Аудармашы болған". Жәнібекті сатқан әйелдің кім екені анықталды
- авторjambylinfo.kz
- 25 сәуір, 2024
- 1.2k
Журналист, «Бармысың бауырым» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан Қазақстанға анасын іздеп келген Жәнібекке қатысты жаңа мәлімет айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Қымбат Досжанның айтуынша, Жәнібекті саудалаған әйелдің кім екені 2024 жылдың қаңтарында анықталған.
«Бірақ, қазірқылмыстық іс тергеліп жатқандықтан, менің қандай да бір мәлімет айтуға құқым жоқ. Ол әйелдің кім екенін, қайда тұратынын, жасы нешеде екенін біз қаңтардың басында анықтадық. Яғни, Жәнібекті асырап алған анасымен хат жазысу арқылы білдік. Қылмыстық істі қозғап жатқан Арқалық полициясы да біледі. Сіздер ойлағандай, 2004 жылы ол перзентханада істемеген. Тіл білетіндіктен, аудармашы болып жұмыс істеген, - дейді Қымбат Досжан.
Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айында хабарлағанымыздай, Қымбат Досжан Жәнібекті перзентханада 4-5 күн емізіп, ақ сүтін берген әйелді тапқандарын айтқан еді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Тоқаев Қытайдың Қорғаныс министрімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024