сейсенбі, 2 шілде, 2024 16:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Айдай сұлу әппақ, күндей сұлу көркем». Димашты әжесі бала кезінде қалай еркелеткен

«Айдай сұлу әппақ, күндей сұлу көркем». Димашты әжесі бала кезінде қалай еркелеткен
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әжесі мен кішкентай Димаштың бала кездегі видеосы көпті сүйсінтті

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің бала кезіндегі тағы бір видеосы пайда болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Әлеуметтік желіде таралып жатқан видеода Димашты әжесі киіндіріп, далаға шығарғалы жатқанын көруге болады. Әжесі оған ұзын пальто, ақ тымақ кигізіп, серуендеуге дайындап жатыр.

«Киімі не деген әдемі! Өзі не деген әдемі. Қазір менің Димашым далаға шығып, серуендейді. Димокошымның бойы ұзын, жауырыны кең, үлкен жігіт болайын деп тұр екен ғой. Айдай сұлу аппақ, күнде сұлу көркем, көзі үлкен, мұрны деген қыр мұрынды. Әжесіне тартқан», - дейді әжесі Димашты еркелете отырып.

Айта кетейік, бұған дейін Димаштың бала кезде домбыра тартқан видеосы таралған еді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар