Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 16:25-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сейсмикалық дүмпудің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Мамандардың айтуынша, жер сілкінісі қала тұрғындарына сезілген жоқ. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Сейсмологтар жағдайды бақылауда ұстап отыр.






