31 желтоқсанды ресми демалыс күні ретінде белгілеу мүмкін бе деген сауалға Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, бұл мәселе бірнеше рет қаралған, сондай-ақ халықаралық тәжірибе зерделенген.
"Біз өзге елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, 31 желтоқсанның көп жерде жұмыс күні екенін анықтадық. Көптеген мемлекеттерде тек 1 және 2 қаңтар мереке және демалыс күндері ретінде белгіленген. Ал Ресейде 1-8 қаңтар аралығында демалыс. Қазіргі таңда 31 желтоқсанды ресми мереке немесе демалыс күні ету мәселесі қаралып жатқан жоқ", – деді ол Үкіметтегі брифингте.
Сондай-ақ ол 31 желтоқсандағы жұмыс режимі туралы шешімді ұйымдар өз деңгейінде – жұмыс кестесін қысқарту немесе қызметкерлерге демалыс беру арқылы – жеке шеше алатынын айтты.
Айта кетейік, биыл мамыр айында Еңбек министрлігі Мәжіліс депутатының 1 маусымды ресми мереке ретінде бекіту туралы бастамасын қолдаған болатын. Вице-министр Асқарбек Ертаевтың айтуынша, бұл мәселе бойынша нақты шешімді Үкімет жаздың соңына дейін қабылдайды.
Ұқсас жаңалықтар
Тұман, аяз, көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






