Қазыналы қарттар құрметке кенелді
1 қазан – Қарттар күні М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті оқу ордамызға еңбегі сіңген, зейнеттегі ардагер ұстаздарды ұлықтап, құттықтауды жыл сайынғы дәстүрге айналдырған. Әдетте бұл күні білім ордасына еңбегі сіңген, зейнет демалысындағы қазыналы қарттарымызды арнайы шақырып, дастархан жайып, мерекелік концерт ұйымдастырылатын.
Бұл жылы елдегі жағдайға байланысты, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып өткізілді. Университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы өз сөзінде ұлағатты ұстаздарды құттықтап, білім саласындағы еңбектерінің елеулі екенін тілге тиек етті.
«Ұлағатты ұстаздарымыз талай буынды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатты. Шәкіртіне бар білгенін үйретіп, ғұмырын арнады. Біз қазыналы қарттарымыздың алдында бас иеміз»,- деді университет басшысы.
Өз кезегінде зейнет демалысындағы ұстаздар қауымы да өз кезегінде алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Ұстаздар мереке күні сый-құрметке кенелді. Университетіміздің 30 ардагер-ұстазына «Білімді ел – Образованная страна » республикалық газетінің бір жылдық жазылымын растайтын сертификат табысталса, 63 ардагер-ұстазға қаржылай сыйақы ұсынылды.
Университет кәсіподақ комитетінің төрағасы Берік Хұсайынов келген қонақтарды мерекемен құттықтап, «Ұлағатты ұстазға, ыстық ықыласпен» акциясы аясындағы газетке жазылым сертификатын табыстады.
Құрметке кенелген қарттарымыз өз алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.
Дулати Университетінің медиа-қызметі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз