Қоғам
БҚО-да бес бала көмірқышқыл газынан уланып көз жұмды
- авторБақытжан Бекболат
- 4 маусым, 2025
- 763
Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауылында бес бала көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды, деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға 4 маусымда болған.
Жекеменшік тұрғын үйде өрт шығып, өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін бес минут ішінде келген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"30 шаршы метр аумақта жеке заттар мен жиһаз жанған. Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке қарай, олар ауруханада көз жұмды. Өрт толықтай сөндірілді", – деп хабарлады департамент.
Өрттің себебін өрт зертханасының мамандары мен анықтау бөлімі анықтайды.
"Мой город" басылымының мәліметінше, отбасы бұл үйді жалдап тұрған. Өрт шыққан сәтте ата-аналары жұмыста болған. 35 жастағы әкесі коммуналдық кәсіпорында шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істейді, ал балаларының анасы жергілікті дүкенде еңбек етеді.
Келесі мақала
Қазақстанда орманшылардың жалақысы көбейеді
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Өскеменде дүкеннен 80 қорап шоколад ұрлаған күдікті ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 31 наурыз, 2026
Қоғам
Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған
- авторБақытжан Бекболат
- 17 наурыз, 2026






