Батыс Қазақстанда киллер жалдап, күйеуін өлтірмек болған әйел ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 1 наурыз, 2024
- 685
Анықталғандай, әйел күйеуіне мүліктің жартысын бергісі келмеген. Сондықтан, оны өлтіру үшін қылмыскерге қару алып беріп, күйеуін өлтіру үшін әдейі тапсырыс берген.
«Батыс Қазақстан облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері шұғыл түрде әрекет етіп, қылмысқа жол бермеді. Қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен БҚО-ның екі тұрғыны ұсталды. Қылмысқа тапсырыс берген әйел күйеуіне мүліктің жартысын бергісі келмеген», - деп хабарлады Polisia.kz.
Қазір екі күдікті де қолға түскен. Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленгені белгілі.
«Тергеу мәліметтері бойынша, қаруды сатып алу және кісі өлтіруді орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген. Күдіктілер ұсталды, соттың санкциясымен оларға қатысты “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр. Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір жәбірленушінің өміріне ешқандай қауіп жоқ. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді», - деп хабарлайды дереккөз.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024