жұма, 22 қараша, 2024 23:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оразаға он күн қалды: осы аралықта ниет еткен мұсылман не істеп үлгеруі керек

Оразаға он күн қалды: осы аралықта ниет еткен мұсылман не істеп үлгеруі керек
Мешіт, құрма және тасбихтің суреттері бар коллаж. Авторы: Ернар Балғабай
Биыл Рамазан айы 10 наурыздан 11 наурызға қараған түні басталады. Хижра жыл санауы бойынша қазір Шағбан, яғни Рамазанға дайындық айы өтіп жатыр, деп жазады jambylinfo.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері оразаға дейінгі осы аралықта ниет еткен адамның қандай амалдар жасап үлгеруі қажет екенін айтып берді.

Бірінші. Ораза қарызын өтеу. Өткен жылдың оразасынан қаза болған күндер болса, оларды жаңа Рамазан айына дейін өтеген абзал. Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан Рамазан айына дейін өтеу шарт емес. Дегенмен, абзал.

Екінші. Қарыздан құтылу. Мұсылмандарға Рамазан айына дейін қарызынан құтылып, аяқталмаған істерін мәресіне дейін жеткізу уәжіп болып саналады.

Үшінші. Ниет ету. Ораза ұстау – Жай міндеттердің бірі болмауы тиіс. Оған одан шын ниетімен келуі тиіс. Сондықтан Рамазан айына дейін мұсылмандар жан дүниесімен ораза ұстауға бекініп, шын ниет етуі қажет.

Төртінші. Ағзаны дайындау. Рухани дайындықтан бөлек, Ораза алдында адам ағзасын шыңдауы қажет. Бұл үшін, ащы, тұзды, майлы, ауыр тамақтардан, кофе және газдалған сусындардан бас тартып, тамақтану тәртібін ретке келтіруі тиіс.

Бесінші. Ораза ұстау. Қарыз оразасы болмаған жағдайда да Шағбан айында ораза ұстау сүннет саналады. Парыз емес. Шағбан айында ораза ұстау адам ағзасын Рамазан айының оразасына дайындауға көмектеседі.

 

 

Диана Орынбасар
Автор

Диана Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар