"Мен Аллаға сенемін": Қуандық Бишімбаев сотта соңғы сөзін сөйледі
- авторjambylinfo.kz
- 6 мамыр, 2024
- 1.2k
Бүгін, 2024 жылдың 6 мамыры күні экс-министр Қунадық Бишімбаев пен туысы Бақытжан Байжановтың бір жарым айға жуық уақыт өткен сот отырысы аяқталып, сотталушылар соңғы сөздерін айтады. Бірінші болып экс-министр Қуандық Бишімбаев соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Менің де соңғы сөзімді айтатын уақыт келді. Мен сот отырысы ашық өтсін деп, өзім алқабилерді таңдадым. Бұндағы бір ғана мақсатым – тым болмағанда сол қайғылы оқиға болған түн туралы шындықты он адамға жеткізгім келді. Алланың қалауымен сіздер менің осы соттағы алқабилерім болдыңыздар. Егер сіздер Аллаға сенсеңіздер, ал мен Құдайға сенемін, бұның бәрі біз үшін сынақ екенін білесіздер. Мен сол түнгі сынақтан өте алмадым, ал, енді Сіздердің қолдарыңызда осы іс бойынша әділ шешім шығару сынағы тұр. Менің ата-анам да, менің туыстарым да бұл іске кінәлі емес. Тек қана өзім кінәлімін. Мен өз жарыма ешқашан өлім тілеген жоқпын, мен бұлай боларын білген жоқпын», - деді Қуандық Бишімбаев өз сөзінде.
Сонымен қатар, Бишімбаев бұған дейін де айтқан мәлімдемелерін қайталады. Яғни, ол Салтанат Нүкенованың өліміне кінәлі, бірақ, оны әдейі өлтірген жоқ. Оның айтуынша, Бишімбаев Салтанаттың басында үлкен ісік пайда болып жатқанын білмеген. Сонымен қатар, Бишімбаев сот тергеуі кезінде сөз сөйлеген сот сарапшысының ойымен келіспейтінін, сондықтан, оның сараптамасы күмән тудыратынын айтты.
«Әлеуметтік желіде мені және менің отбасымды қаралау науқаны басталды. Халық желідегі жалған мәліметтерге оңай сеніп қалып жатыр. Бұның бәрінің бір ғана мақсаты бар - сіздердің мен туралы ойларыңызды бұзу. Бір секундқа болсын өздеріңізді менің орныма қойыңыздаршы: сіздер жақындарыңыздың басынан менің басымнан кешіп жатқан дүниелер қайталанғанын қалайтын ба едіңіздер? Сондықтан, Сіздерден өтініп сұрарым, обьективті үкім шығарсаңыздар деймін. Желідегі жалған ақпараттарға сенбеңіздер. Мен Салтанаттың өліміне кінәлімін, бірақ мен оны әдейі өлтірген жоқпын. Сондықтан маған ауыр жаза кеспеңіздер. Заң бойынша Сіздерге ешкім ықпал ете алмайды, ешкім сіздерді күштеп маған қарсы дауыс бергізе алмайды. Менің өмірім мен тағдырым енді Сіздердің қолдарыңызда», - дейді Бишімбаев.
Айта кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін қамауда отырған Қунадық Бишімбаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы 27 наурызда басталған болатын. Өткен аптада сот аясындағы тергеу аяқталып, тараптар жарыссөз өткізген.
Жарыссөздің бірінші бөлімі тікелей эфирде трансляцияланса, екінші бөлігі жабық режимде өтті. Сондықтан, мемлекеттік айыптаушылар мен жәбірленуші тарап Бишімбаев үшін неше жыл «сұрағандары» белгісіз.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024