сенбі, 23 қараша, 2024 9:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Буллинг мәселесі суреттер арқылы көрсетілді

Буллинг мәселесі суреттер арқылы көрсетілді
ашық дереккөзі
Буллинг мәселесі суреттер арқылы көрсетілді

Қазақстандағы ЮНИСЕФ мәліметі бойынша балалардың 66%-ы мектептегі зорлық-зомбылық пен кемсітуге тап болса, 44%-ы мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны болады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Айналайын SOS» жобасында буллинг мәселесі суреттер арқылы сипатталды. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы зерттеулері көрсеткендей, мектепте қорлау және бопсалау элементтері бар зорлық-зомбылық көрген балаларда суицид жасау қаупі жоғары.
Мұғалім балаға психологиялық қысым көрсетіп, сыныптағы барлық оқушының көзінше оның көңіліне келетін сөз айтып, тіпті тәрбиелеудің бір бөлшегі ретінде оқушыны кемсітетін сөздер айтуы мүмкін. Мұндай қарым-қатынас оқушының психологиялық жағдайына кері әсерін тигізеді. Мұғалім мұндай әрекеті арқылы өзі агрессор болып қана қоймай, сыныптағы оқушыларға өздерін осылай ұстауға рұқсат бергендей болады. Осылайша мұғалімнен жәбір көрген оқушы сыныбындағы басқа оқушылардан да осылай жәбір көре бастайды, - дейді буллингке қарсы «Street Law Kazakhstan» бағдарламасының координаторы Халида Әжіғұлова.
Кемсітудің салдары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, оқушы өзін кемсіткендіктен үнемі күйзелісте жүріп, сабақ оқи алмай қалуы мүмкін. өзін дұрыс дәрежеде бағаламай, қоршаған ортасымен қарым-қатынас жасау қиынға соғады. Тіпті, мұның соңы психотерапиялық емді қажет етуге әкелуі мүмкін. Күш көрсету, келеке етудің құрбандары суицид жасау туралы басқа оқушыларға қарағанда 5 есе көп ойлайды
Біз фотожобаға қатысуға келісім беріп, мектептерде балаларды кемсіту қалай жүзеге асатыны туралы айтып берген балаларға алғыс айтамыз. Олардың кейбірі буллингге қатысты бастарынан өткізген жағдайларды айтты, ал біз оны плакатқа сурет салу арқылы жеткізуге тырыстық. Бұл плакаттар оқушылар тарапынан кемсітуге тап болған балаларға бұл туралы ойын ашық айтуға көмектеседі деп ойлаймыз. Келеке ету, кемсіту – жанға жазылмас жара салып кетеді. Біздің балаларымыз буллингке тап болмауы керек, олар бар жақсылық атаулыға лайықты, - дейді Peremena.media басылымының бас редакторы Айжан Мадиходжаева.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар