Министрлік дабыл қақты: медицина ұйымдарының атын жамылған алаяқтар көбейді
- авторБақытжан Бекболат
- 14 сәуір, 2025
- 228

Қазір өзін медицина қызметкері ретінде таныстырып, "скринингке жазылдыңыз" деп хабарлайтындар көбейген. Олар телефон арқылы хабарласып, SMS арқылы келген кодты айтуыңызды талап етеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрлік мұндай жағдайға алданбауға кеңес береді. Себебі мемлекеттік емханалар ешқашан скринингке жазылуды SMS-код арқылы растауды сұрамайды.
Алаяқтар сіз айтқан код арқылы жеке деректеріңізге, цифрлық құжаттарыңызға, eGov, Kaspi, банк қосымшалары сияқты маңызды сервистерге кіре алады.
Есіңізде болсын:
– Кодты ешкімге, тіпті өзін медицина қызметкері ретінде таныстырған адамға да айтпаңыз;
– Ақпаратты тек ресми көздерден (eGov, емхана немесе медициналық жүйелер) тексеріңіз;
– Күмән туса – құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Сақтық – сіздің қауіпсіздігіңіз.