Байзақ трагедиясы: Екі сарбаздың жазасы күшейіп, олар 13 жылға сотталды
- авторjambylinfo.kz
- 14 наурыз, 2024
- 1.1k
Апелляциялық сот "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бабымен 9 жылға сотталған 22 жастағы сарбаздар Әсет Әшірбай мен Ерпулат Тұрановтың жазасын 13 жылға ұзартты. Олар жазаны қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Ал бұған дейін "Қызметке салғырт қарау" бабымен ақталған төрт офицердің екеуі Аслан Бақытжанов пен Руслан Несіпқалиев 5 жылға сотталды. Екі офицер сот залынан қамауға алынды. Олар жазаны қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болып, 18 адам қаза тапты. Ал жүзге жуық адам жарақаттанған еді. Ресми мәлімет бойынша, жарылыс шығыны 25 млрд теңгені құраған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024