сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 0:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Кемі 10 жылға қамаласың». Нүкенова өлетін күні Бишімбаевқа не айтқан

«Кемі 10 жылға қамаласың». Нүкенова өлетін күні Бишімбаевқа не айтқан
Коллаж: jambylinfo.kz
Бүгін жарыссөзде Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасының қандай күйде өлгенін айтты

Салтанат Нүкенова өлер күні Қуандық Бишімбаевқа өзін сабағаны үшін кемі 10 жыл отыратынын айтқан. Бұл туралы бүгін жарыссөзде марқұмның ағасы Айтбек Амангелді айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айтбек Амангелдінің айтуынша, Бишімбаев Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрған соң Салтанат қанжоса болған. Үстіндегі аппақ жейдесін шешіп алып, қолына ұстап тұрып, Бишімбаевты соттататынын айтқан.

«Бейнежазбада көргеніміздей, Салтанат жейдесін ұстап тұрып, бұл киімі сотта дәлел болатынын және сабағаны үшін кемі 10 жылға сотталатынын айтқан»,- дейді ағасы Айтбек Амангелді.

Яғни, ағасы атап өткендей, Бишімбаев Салтанаттың осы сөзінен қорқып, кезінде істі болған соң қайтадан түрмеге түскісі келмей, Салтанаттан құтылғысы келген.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар