«Әкеммен сөйлесе алмайтынмын»: продюсер Әден Марғұлан ата-әжесінің қолында өскенін айтты
- авторИндира Тәліпқызы
- 17 мамыр, 2024
- 719
Тараз қаласының тумасы, блогер, әнші Мирас Жүгінісовтің продюсері «Taboo бағдарламасына» сұхбат беріп, алғаш рет отбасы туралы айтты, деп жазады jambylinfo.kz.
Әден Марғұланның айтуынша, ол ата-әжесінің бауырында өскен. Алтыншы сыныпқа көшкенде ата-анасының қолына, Тараз қаласына көшіп келген. Осы уақытта Әден Марғұлан туған әке-шешесімен тіл табыса алмай жүр.
«Мен атамның баласы болып өстім. Атамды өте қатты жақсы көрдім. Мен әке-шешемнің қолына көшкенде қатты қиналдым. Тіпті әкеммен тіл табыса алмай, қиналатынмын. Себебі, әкемнің мінезі тұйық, көп сөйлемейтін кісі. Негізі көп ер балалар әкесіне етене жақын болмайды. Мысалы, Мирас әке-шешесінің қолында өсіп тәрбиеленсе де, әкесіне жақын емес. Бұған баланың ата-әжесінің бауырында өскені себеп емес", - деді ол.
Сондай-ақ блогер тұңғыш немерені ата-әженің тәрбиесіне беруге қарсы емес екенін айтып, бірақ әр бала ата-анасымен жақын рухани дос болу керегін тілге тиек еткен.
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024