сенбі, 5 қазан, 2024 20:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Онлайн қабылдауда айтылған өтініштер назардан тыс қалмайды

Онлайн қабылдауда айтылған өтініштер назардан тыс қалмайды
ашық дереккөзі
Онлайн қабылдауда айтылған өтініштер назардан тыс қалмайды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қоғамдық қабылдау өткізді. Онда жамбылдықтар өз өтініштерін аймақ басшысына онлайн режимде жеткізді.

Байзақ ауданының шаруалары облыс әкімінен кейбір шаруа қожалықтарына «асыл тұқымды мал өсіруші» мәртебесін алуға көмектесуін сұрады.

Бердібек Сапарбаев жаңа деңгейге көтерілуге ынталы фермерлерді қолдап, асыл тұқымды мал өсіру өңірдің ауыл шаруашылығына тиімді екенін тілге тиек етті. Дегенмен, аталған мәселені жақын арада құрылатын арнайы комиссиямен бірлесіп шешу керектігін баса айтты.

Облыс орталығындағы Прманов көшесінің тұрғындары аймақ басшысына бірқатар сауалдар жолдады.

Төрт жыл бұрын аталған көшедегі су құбырлары ауыстырылған соң асфальттың біраз бөлігі әлі күнге дейін қалпына келтірілмеген. Сондай-ақ, тұрғындар жол-көлік оқиғалараның жиі орын алатынына тоқталып, жол бойына бейнекамералар орнатуды сұрады. Ол жақта 1000-нан астам бала оқитын Ю. Гагарин атындағы №29 орта мектеп орналасқан. Келесі сұрақ қоғамдық көліктерге қатысты қойылды. Тағы сол Прманов көшесінің бойымен екі-ақ автобус қатынайды. Содан да кейде олармен діттеген жерге жетудің өзі мұң. Оған қоса, сол маңда әлі күнге аялдама жоқ. Сондықтан мұғалімдер мен балалар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, қоғамдық көлікті далада күтуге мәжбүр.

- Бірінші кезекте аялдамалар мектептің маңынан салынуы тиіс. Сол себепті, Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа Прманов көшесіне арнайы барып, аялдама құрылысы бойынша ұсыныс беруін тапсырамын. Бұл жолдарды асфальттауды да бақылау керек. Ал бейнекамера орнату мәселесін полиция қызметкерлерімен бірлесе шешкен жөн, - деп жауап берді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің сөзінше, жақын арада қоғамдық көліктің қатынауы ретке келтіріледі.

Еңбек Ардагері Күләш Назарбекова өңір басшысынан аймақта арнайы пансионат соғып, ардагерлердің демалуына жағдай жасауын сұрады. Бердібек Сапарбаев бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады.

- Расында, біздің ардагерлеріміз лайықты демалуы тиіс. Тек ол шипажай, әлде сауықтыру орталғы бола ма, алдымен соны анықтап алуымыз қажет. Мен тиісті басқарманың басшысына  пансионат ашудың  мүмкіндіктерін қарауды тапсырамын. Бұл ұсыныс бойынша осы айдың соңына дейін шешім қабылдаймыз.

Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар  қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік мәселелер жөнінде сауал қойды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар