сенбі, 23 қараша, 2024 0:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Парасатты отбасылар" анықталды

"Парасатты отбасылар" анықталды
ашық дереккөзі
"Парасатты отбасылар" анықталды

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың басты іргетасы – отбасы. Азаматтық қоғамды құрудың қозғаушы күші болып табылатын отбасылық қарым-қатынастар арқылы қоғамда адал еңбекке, сыйластыққа, парасаттылыққа қол жеткізуге болады. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және облыс әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі білім бөлімі және «Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының» ұйымдастыруымен парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат ойлы, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында аудан көлемінде «Парасатты отбасы» байқауын өткізілген болатын. Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Бірінші мектепішілік байқауға 38 мектептен 515 отбасы қатысып, оның ішінен аудандық кезеңге 70 отбасы жолдама алған. Аталмыш байқауға аудандағы өнер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және кәсіпкерлік саласынан құралған отбасылар қатысты. Байқау шарты бойынша көрсетілген номинацияларға сәйкес қатысушылар оқудағы жетістіктер мен отбасылардың әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларға қаншалықты мән беріп, бос уақытты тиімді пайдалану туралы пайдалы да өнегелі мәліметтерді ұсынатын бейнероликтер дайындаған. Әділқазылар байқау қатысушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына мән беріп, балалары қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын, спорт немесе өнермен шұғылданатын, ата-ана тәрбиесін қоғамдық өмірде көрсете алатын, көптеген әдеби-публицистикалық әдебиеттерден хабардар болуына баса назар аударды. Аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік деп іріктеген отбасылардың марапаттау рәсімі Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында өткізіліп, шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Равиль Тулебаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының директоры Еркін Сайлауұлы және аудан әкімдігі білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Индира Спаналиева қатысты. Салтанатты шараның шымылдығы Кенен Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінің “Жетіген”ансамблінің орындауындағы «Қыздар» әнімен ашылып, алдымен үздік деп танылған 8 отбасының, атап айтқанда, Құмғанбаевтар, Мамырбаевтар, Калембаевтар, Паратбековтер, Аширбаевтар, Сүндетовтер, Қыпшақбаевтар және Бейсембаевтардың дайындаған бейнероликтері тамашаланып, таныстыру үшін отбасылар ортаға шақырылды. Әр отбасы мүшелері ретімен сөз алып, осындай байқаулардың тәрбиелік мәні мен мағынасы тереңде, өскелең ұрпаққа берері мол екендігін жеткізіп, байқау ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді. Одан соң, қатысушылар күй тарту, ән айту, ұлттық аспаптарда ойнау, жасаған бұйымдарын көрсету, өлең жолдарын мәнерлеп оқу, көркем сөз орындау арқылы өз өнерлерін көрсетті. Ары қарай құттықтау сөзі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Равиль Тулебаевқа берілді. – Парасаттылық құндылықтарын біздің қоғамда орнату – агенттіктің басты мақсаты. Сондықтан, осы бағытта барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, білім саласымен және басқа да институттармен бірігіп жұмыс жасап, ауқымды тәжірибемізді орнаттық. Жанұяның бала тәрбиесіндегі рөлін ортаға салып, отбасы құндылықтарын айқындау үшін осындай сайысты білім басқармасымен бірігіп ұйымдастырып отырмыз. Бұл байқау республика бойынша өткізіліп отыр. Ал, бізде аталмыш байқау осымен екінші рет ұйымдастырылды. Өткен жылы облысымыз бойынша 5 500 отбасы қатысса, биылғы жылы қатысушылар саны 9 500-ге жетті, - дей келе қатысушы отбасыларға алдағы уақытта облыстық, республикалық деңгейде өткізілетін байқауларда сәттілік тіледі. «Парасатты отбасы» аудандық байқауында үздік деп танылған отбасылар: Құмғанбаевтар және Бейсембаевтар – «Үздік оқырман отбасы», Мамырбаевтар – «Шығармашылық отбасы», Калембаевтар және Паратбековтер – «Өнерлі отбасы», Қыпшақбаевтар – «Шеберлер отбасы», Аширбаевтар – «Парасатты отбасы», Сүндетовтер – «Интеллектуалды отбасы» номинациялары бойынша жеңімпаз атанып, Дипломдар және сыйлықтармен марапатталып, облыстық байқауға берілетін жолдамаларды иеленді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар