жұма, 22 қараша, 2024 8:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодарда қайын інісі жүкті жеңгесін өлімші етіп сабап, әйелдің ішіндегі баласы шетініп кеткен

Павлодарда қайын інісі жүкті жеңгесін өлімші етіп сабап, әйелдің ішіндегі баласы шетініп кеткен
Коллаж: jambylinfo.kz
Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін өлімші етіп сабаған. Әйелдің ішіндегі тоғыз айлық бала шетінеді. Сұмдық оқиғадан әйел есін жоғалтып алған. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды хабарлайды jambylinfo.kz astanatv.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Қазір бұл іске қатысты полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті қамауға алынған. Гүлмерей Қарсыбаева – 28 жаста. Ол қазір ауруханада жатыр. Қатты соққыдан басы жарылып, миы шайқалған. Есін жоғалтып алған. Өзін кімнің ұрып соққанын да есіне түсіре алмады. Тек аяғының ауыр болғанын ғана біледі.


«Иә, мен жүкті екенімді білдім. Ол менің есімде. Менің ішімде қыз бала болды. Мен көтергеннен бастап қыз болды. Сосын атында қойғымыз келді»,-дейді ол. 


Ал дәрігерлер науқастың ауруханаға ауыр жағдайда келгенін айтады. Бір уақытта екі бірдей ота жасалған. Жарылған басын тігіп, шайқалған миын салыпты. Ал іштегі 9 айлық баланы кесір тілігі арқылы алған. Бірақ, нәресте соққыдан көз жұмса керек. Өлі туған. 


«Науқастың басындағы жарықтың көлемі 8-9 сантиметрдей болды. Біз оның зақымданған бөлігін алып, орнын тіктік. Бас ми жарақаты кезінде есін жоғалту қалыпты құбылыс. Уақыт өте келе біртіндеп қалыпқа келеді», -дейді Павлодар қалалық №1 ауруханасының дәрігері Дәурен Сафиулла.  


Ал жеңгесін соққыға жыққан жас жігітке қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынған. Оның қылмыс жасаған кезде есірткі қолданғаны анықталды.


Павлодар қалалық полиция басқарамасы оңтүстік полиция бөлімінің басшысының орынбасары Әлібек Салатов полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу басталғанын, аса ауыр қылмыс жасаудағы күдікті қамауға алынғанын айтты. 


Ал қайнысының не себепті жеңгесін сабағаны беймәлім. Жеңгесі де оқиғаның қалай болғанын есіне түсіре алмады. Сол сәтте күйеуі де үйде болмапты. Енді істің мән-жайын сот анықтайды. 

 

Тахмина Әшірбай

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар