жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жабық өтуі мүмкін

Перизат Қайратқа қатысты сот процесі жабық өтуі мүмкін
Фото: instagram.com/01pk
Ол қайырымдылықты желеу етіп жиналған қаражатты жымқырды деп айыпталуда

Астанада Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Айыпталушылар қатарында оның анасы — Гани Алашбаева да бар. Тергеу нұсқасы бойынша, ол қызына қайырымдылық қаражаттарын иемденіп, жаратуына көмектескен. Екі айыпталушы да журналистердің сотқа қатысуына қарсы болып, БАҚ өкілдеріне бейнетүсірілім жүргізуге тыйым салуды сұрады.

Сонымен қатар, сот процесін жабық өткізу туралы өтініш те берілді. Перизат Қайрат бұл істің ішінде банк шоттары секілді жеке мәліметтер көп екенін айтып, ашық қаралуына қарсылық білдірді. Судья кеңесу бөлмесіне шешім қабылдауға кетті.

Бұған дейін апелляциялық сот Перизат Қайрат құрған "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігін жабу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған еді.

Перизат Қайрат пен анасы Гани Алашбаева мүмкіндігі шектеулі балаларға, су тасқынынан зардап шеккендерге және Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты көмек көрсету сылтауымен Қазақстан азаматтары мен ұйымдарынан жиналған 3,5 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталып отыр. Тергеу материалдарына сәйкес, Қайрат қайырымдылыққа түскен қаражаттың басым бөлігін жылжымайтын мүлік пен қымбат заттар сатып алуға жұмсаған. Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі бұл іс бойынша нақты деректерді жариялаған болатын.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар