сенбі, 23 қараша, 2024 9:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құрылыстағы лицензиаттардың электрондық тізілімі құрылады

Құрылыстағы лицензиаттардың электрондық тізілімі құрылады
ашық дереккөзі
Құрылыстағы лицензиаттардың электрондық тізілімі құрылады
Премьер-Министрдің тапсырмасы аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп Лицензиаттардың бірыңғай тізілімін құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Тізілімде лицензиат ли­цензия алған кезде ұсына­тын барлық деректер (аттестат­талған инженерлік-техника­лық құрам; материал­дық-тех­никалық жарақтанды­ры­луы; өндірістік база, іске асы­рылған объектілері, жұмыс тәжі­рибесі) көрсетіледі. Осы ті­зілім деректерді қайта тек­серу және өзектендіру үшін басқа мем­лекеттік орган­дар­дың ақ­параттық жүйе­лері­мен интеграцияланады. Атал­ған шараларды іске асыру құ­рылыс және жобалау ұйым­дары қыз­метінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Өйткені барлық деректер ашық, қол­жетімді болады. Өз кезегінде, бұл шаралар Техникалық қадағалау мен тех­никалық тексеруді жүзеге асы­ратын заңды тұлғаларды аккре­диттеу жөніндегі мем­лекет­тік қызмет сияқты то­лық ав­то­маттандырумен құ­ры­лыс са­ласында лицензия беру рәсімін барынша оңтай­ландырады. Былтыр министрлік атал­ған мемлекеттік қызметті толығы­мен автоматтандырған еді. Өтінім­дер қаралып, нәти­же­лері 20 минут ішінде адам факторының әсерін­сіз толықтай компьютер­мен беріледі. Бұл үшін Egov.kz үкі­мет порталымен ықпал­дас­тыра отырып тиісті тізілімдер автоматтандырылды. Бүгінгі таңда министрлік нақты шаралар мен мерзімдері көрсетілген Жол картасының жобасын әзірлеп, келісу үшін тиісті органдарға жіберді. Жол картасы 2021 жылы іске асырылады. Премьер-Министрің 2019 жылғы 27-28 қарашадағы ха­тта­малық тапсырмасын орын­дау бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Әділет министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистр­­лігімен бірге қолда бар мемлекеттік ақпа­рат­­тық жүйелермен интегра­ция­­ла­натын, әрбір лицензиат бо­йын­ша толық мәлімет­терді қам­титын және бел­сенді емес ұйымдарды анық­тауға мүмкіндік беретін құ­рылыс саласындағы лицен­зиат­тардың бірыңғай элект­рон­дық тізілімін құру мәселесін қарастыру тапсырылған еді.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар