Сақ болыңыз: "Қазпоштаданбыз" деген алаяқтар көбейді
- авторБақытжан Бекболат
- 3 шілде, 2025
- 981

Жамбыл облысында телефон арқылы жасалатын алаяқтық көбейіп келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазпошта қызметкері болып қоңырау шалып, "сәлемдеме жеткізу" сылтауымен азаматтардың жеке деректерін және 1414-тен келген SMS-кодтарды сұрайды.
Алаяқтықтың негізгі схемасы:
1. Қоңырау шалып, сізге сәлемдеме келгенін хабарлайды;
2. Мекенжайыңызды және ЖСН сынды деректерді сұрайды;
3. 1414-тен келген кодты "растау үшін" айтуыңызды өтінеді.
Назар аударыңыз: бұл код — банктік операцияны немесе жеке кабинетке кіруді растау үшін қажет. Оны айту — шотыңызға рұқсатсыз қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Полиция департаменті ескертеді:
Бөгде адамдарға банк картасының деректемелері мен SMS-кодтарды айтпаңыз;
Күдікті сілтемелерге өтпеңіз;
Сәлемдеме туралы ақпаратты тек ресми арналардан тексеріңіз:
Қазпоштаның мобильді қосымшасы
www.kazpost.kz
1499 call-орталығы
Жеке мәліметтеріңізді құпия ұстаңыз. Қауіпсіздік — өзіңізден басталады!