Суицидті насихаттағандар мен оған итермелегендер қылмыстық жауапқа тартылады
- авторjambylinfo.kz
- 21 ақпан, 2024
- 787
Қазақстанда суицидті насихаттағаны және оған итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу көзделіп отыр. Тиісті заң жобалары парламент мәжілісінде қаралып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Мәжілісте әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобалары бірінші оқылымда қаралып жатыр.
Депутат, әлеуметтік-мәдени комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, суицидтің алдын алу мақсатында Қылмыстық кодекске жаңа екі құрам бойынша норма енгізілген. Олар: суицидке итермелеу және суицидті насихаттау.
«Мысалы, бұдан бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желілерде «Синий кит» немесе сол секілді ойындар бойынша челендждер болып тұрды. Осыған байланысты суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылып отыр. Ал суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК (2024 жылы 738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр», деді Сүлейменова мәжілістің жалпы отырысында.
Сондай-ақ балалардың құқығын қорғау саласында тағы екі жаңа норма қарастырылған. Оған сәйкес, педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін де өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бұдан бөлек азаптау үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегу не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.
«Бұған дейін, егер, отбасында ойран салған азаматтың басқа баспанасы болса, оның жәбірленушімен бір үйде тұруына сот арқылы тыйым салатын норма болды, бірақ ол жұмыс істеген жоқ. Жаңа редакцияда жәбір көрген адамды қорғау үшін сот ерекше жағдайларда отбасында жанжал шығарып, құқық бұзған адамды белгілі бір мерзімге жарымен, бала-шағасымен бірге тұруға тыйым салу түріндегі құқықтық ықпал ету шарасын қолдануға құқылы», деді Сүлейменова.
Сонымен қатар Қылмыстық кодексте жаңа 98-3 бабы «Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгілеу» қарастырылған. Осы баптың негізінде, құқық бұзған азаматтарға тек жазаны күшейтумен қатар, сот шешімі бойынша керек деп таныған кезде медициналық ұйымдарда психологиялық көмектен өту мүмкіндігі беріледі.
Жәбірленушілердің арызын күтпей-ақ, уәкілетті органдар зорлық-зомбылық фактілері туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы немесе әлеуметтік желілердегі хабарламалар негізінде шара қолдана алады.
Қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға сот шешімі бойынша не қылмыстық процесс тараптарының өтінішімен үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге жәбірленушіні іздестіруге, қудалауға, оған баруға, ауызша, телефон арқылы келіссөз жүргізуге және онымен өзге де тәсілдермен байланысқа түсуге тыйым салынатын ерекше талаптар белгіленбек.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024