Жамбыл облысында 14 кәсіпорын жұмысшылар алдындағы 554,3 млн теңге қарызын толығымен өтеді
- авторjambylinfo.kz
- 20 ақпан, 2024
- 667
Бүгінгі күні «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ-ның жалақы қарызының жалпы сомасы 42 млн теңгені құрап отыр. Бұдан бөлек «Луговой жылқы зауыты» ЖШС 192 жұмыскерге 34,9 млн теңге жалақы қарызы бар. Бұл туралы облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен жиында үшжақты комиссияның жұмысы талқыланды. Алдымен баяндама жасаған еңбек инспекциясы басқармасының басшысы өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторларымен кәсіпорындарға жүргізілген профилактикалық тексеру кезінде 177 құқық бұзушылық анықталғанын айтты. Жарылқасын Айтақовтың сөзінше, былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары прокуратура органдарымен бірлесіп 14 кәсіпорында 554,3 млн теңгенің жалақы қарыздарын анықтап, олар толығымен жойылған. Нәтижесінде 1024 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалған. Бүгінгі күні Жамбылда 3 ірі кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын бере алмай отыр. Оның бірі «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ болса, екіншісі «Амангелді ГАЗ» ЖШС. Сондай-ақ «Луговой жылқы зауыты» ЖШС 192 жұмыскерге 34,9 млн теңге жалақы төлеуі керек.
«Луговой жылқы зауыты» ЖШС 192 жұмыскерге 2023 жылдың қазан, қараша, желтоқсан және 2024 жылдың қаңтар айы үшін әлі жалақы төлемеген. Аталған кәсіпорын түскен өнімді сатып, жұмыскерлердің жалақысын кезең-кезеңмен төлеп беріп жаыр»,-деді Жарылқасын Айтақов.
Жиында облыс әкімі Меркі, Рысқұлов, Жамбыл ауданы әкімдеріне проблеманы тез арада шешуді тапсырды.
«Қала мен аудан әкімдері, аталған мәселені қысқа мерзімде түпкілікті шешілуін қамтамасыз етіңіздер. Әсіресе, айтылған 3 мекеме инвестор тарту мәселесін шешіңіздер. Уақыт өткен сайын проблеманы қалыпқа келтіруде қиындық туындайды. Динамиканың қарасаңыздар өздеріңіз түсінесіздер. Сондықтан аудандар құзыретті басқармалармен бірге инвестор тарту мәселесін қолға алыңыздар»,-деді Ербол Қарашөкеев.
Сонымен қатар, еңбек саласын цифрландыру жүйесіне еңбек шарттарын енгізу жұмыстары бойынша жоспар облыс көлемінде толық орындалмай келеді. Бұл бағыт бойынша Тараз қаласы облыс көлемінде ең төменгі көрсеткішті көрсетіп отыр.
"Негізі қала бойынша ірі, орта кәсіпорын бойынша еңбек шарттары толық автоматтандырылған есепке алу базасына енгізілген. Бұл мәселе шағын кәсіпорындарда болып отыр. Онда негізінен 1-2 жұмысшы ғана тіркелген. Бұларда көбінесе кадрлар ауысуы жиі. Біз бұл бағытта арнайы топ құрып отырмыз. Бұл жұмыспен тұрақты айналысамыз,-деп түсіндірді қала әкімі Бақытжан Орынбеков.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024