дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сағат тілі ауысады: мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін

Сағат тілі ауысады: мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін
Коллаж: Ернар Балғабай
1 наурыздан бастап бүкіл республика бір уақытқа ауысады

Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысуға байланысты мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер бірыңғай уақыт белдеуі оқушылардың сабағына қалай әсер ететінін сұрады.   

"Сабақ уақытына келер болсақ, біз жергілікті атқарушы органдарға, қажет болған жағдайда, сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береміз. Бұл жерде ешқандай кедергі жоқ. Мысалы, таңғы 08.00-ден оқитын мектептер 08.30-да бастай алады. Әрине, мүмкіндіктер бар", - деп жауап берді Бейсембаев. 

Министр бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу туралы шешімді ғалымдар мен сарапшылар қоғамдастығы қабылдағанын еске салды. Оның пікірінше, бұл дұрыс шешім. 

Айта кетері, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстанның 15 өңірі сағат тілін бір сағатқа артқа жылжытады. Осылайша бүкіл республика бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшеді. 

Ал қазір Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстары UTC+6 уақыт белдеуінде орналасқан.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар