Тұрғындар сауалына жедел әрекет жасады
Бүгін аудан әкімі Сәкен Арубаев әлеуметтік желіде тұрғындардың Аса ауылы Абай көшесімен арлы-берлі қатынауға мүмкіндік жоқ екенін, нәтижесі Ю.Гагарин көшесіндегі тізілген көлік кептелісіне әкеліп соққаны туралы жолдаған сауалына байланысты жедел әрекет жасап, оқиға орнына барып көрді. Мемлекеттік «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында салынып жатқан бес қабатты 76 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын «Бином» ЖШС қолға алған. Жұмысшылардың айтуынша, көпқабатты пәтерге кәріз жүйесі мен жылыту құбырларын орналастыру мақсатында көшенің жол жабындысын аршу қажеттілігі анықталған екен. Мердігермен жүздескен аудан басшысы орталық көшедегі кептелісті тезірек реттеу керектігін басып айтты.
– Тұрғындар мына жолдың бойындағы баяу тірлікке көңілі толмай отыр. Бүгін әлеуметтік парақшаға осы бойынша сауалдар келіп түсті. Өткен сенбі күні басталған жұмыс әлі күнге дейін мәресіне жеткен жоқ. Мұндай оқиға орын алмас үшін алдымен торапға дейінгі аймақты ретке келтіріп, соңында асфальтқа кірісу қажет еді. Мердігерлік өкілдерге жұмысты 2-3 күн ішінде аяқтауды тапсырамын, – деді Сәкен Қаланұлы.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала