сенбі, 23 қараша, 2024 16:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түс неге есте қалмайды?

Түс неге есте қалмайды?
ашық дереккөзі
Түс неге есте қалмайды?

Адам өмірінің 10 пайызы түс көрумен өтеді. Бірақ оның басым бөлігі есте қалмайды.

Әр адам ұйқының үштен бір бөлігінде түс көреді екен. Ғалымдар түс адамның өңінде көргенін қайталау жұмысын ғана атқармайтынын айтады. Зерттеуге сенсек, түс адам ағзасы үшін өте маңызды. Өйткені адам ұйқыға кеткенде ми көру қыртысының жұмысын тоқтатпай, түс көру арқылы белсенді формада ұстайды. 14 Көру қыртысының белсенділігі төмендегенде мидың бұл бөлігі тактильді және дыбыстық ақпаратты өңдеуге көшеді. Бірнеше сағатта көру қыртысы жұмысын толықтай өзгертуге қауқарлы. Сол үшін ми түс көру арқылы көру қыртысын жұмыс істеуге итермелейді. Нәтижесінде ұйқыдан тұрғанда көрген түсіміздің басым бөлігін ұмытып қаламыз. 25 Әдетте адам жылдам ұйқы фазасына өткенде жиі түс көреді. Бұл уақытта адам ағзасы белсенді болып, ми оянуға дайындалады. Бұған қарамастан жылдам ұйқы фазасында ояну қиынға соғады. Адам жасы ұлғайған сайын жылдам ұйқы фазасының уақыты азая береді. Осының себебінен қарт кісілер түсті сирек көріп, ұзақ ұйықтай алмайды. 25 Жылдам ұйқы фазасы әр 100 минут сайын қайталанады. Дәл осы уақытта түстің айрықша сәттері болады екен. Ал баяу ұйқы фазасында түс болғанымен адам оны есінде сақтай бермейді. Ал түстің есте қалу-қалмауы ұйқының сапасына байланысты екен.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар