жексенбі, 7 шілде, 2024 18:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз жастары республикалық "Таза әлем" науқанына қатысты

Тараз жастары республикалық "Таза әлем" науқанына қатысты
ашық дереккөзі
Тараз жастары республикалық "Таза әлем" науқанына қатысты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Жастар ісі секторының" жоспарына сай  бүгін "Таза әлем" жобасы аясында қалаға тазалық жұмыстары жасалды. Мұхаммед пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «Тазалық – иманның жартысы» деп келген мүбәрак хадистерінен тазалықтың маңыздылығын ұғына түсеміз. Дініміз құп көрген бұл игі шара Қазақстанның барлық өңірінде өткізілуде. Аталған республкалық науқанға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, сектор жетекшісі Ержан Аманбаев, мешіт имамдары мен қызметкерлері және ерікті жастар қатысты. Көпшілік жасыл шаһардың саябақтарын тазартып, көркем қаланың көрігін ашты. Бас имам Бейбіт Әліпбекұлы тазалықтың ислам дініндегі орны жайлы тілге тиек етсе, жастар өкілі Ержан Аманбаев іс-шара жайлы телеарнаға сұқбат берді. Ақерке БЕКҚҰЛОВА "Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі   width=  width= width=
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар