Таразда үш баланың анасы төбелескені үшін 50 мың теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді
- авторjambylinfo.kz
- 29 ақпан, 2024
- 798
Жамбыл аудандық соты екі әйелдің арасында болған жанжалға байланысты азаматтық істі қарап, нүктесін қойды, деп жазады jambylinfo.kz.
Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2023 жылдың қарашасында Ф. есімді азаматша Н. есімді азаматшаны ұрған, бірақ, денсаулығына жеңіл түрде де зиян тигізбеген. Дегенмен, Н.есімді азаматша азаматтық сотқа жүгініп, талап арыз берген. Алдымен Ф.есімді азаматшаға Тараз қалалық соты 24 150 теңге айыппұл салған.
«Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандандырылған сотының 2023 жылғы 22 қарашадағы қаулысымен Ф. есімді азаматша кінәлі деп танылып, оған 24 150 теңге көлемінде айыппұл салынған», - деп хабарлайды облыстық сот.
Сонымен қатар, талап қоюшы өзінің талабында соттан 800 мың теңге көлемінде моральдық залал өндіріп беруді сұраған.
«Сотта жауапкер Ф. талапты мойындамай, жасы кәмелетке толмаған 3 баласы бар екенін, оның біреуі мүмкіндігі шектеулі бала екенін, жұбайының жұмыс істемейтін көрсетіп, талап арызды қанағаттандырмауды сұраған. Моральдық залал мөлшерін анықтаған сот жауапкердің материалдық жағдайын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 22 қараша 2023 жылғы қаулыны ескерді. Сот, талап етіліп отырған моральдық залал тым жоғары деп санап моральдық залалды өтеу туралы талапты 50 мың теңге көлемінді бекітті», - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Осылайша, сот шешімімен талап қоюшының талабы ішінара қанағаттандырылыа, жауапкер талап қоюшының пайдасына 50 мың теңге моральдық залал төлеуге міндеттелді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз