сенбі, 23 қараша, 2024 5:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда жаңа әлеуметтік дүкендер ашылады

Таразда жаңа әлеуметтік дүкендер ашылады
ашық дереккөзі
Таразда жаңа әлеуметтік дүкендер ашылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы сауда нысандарын аралады. Алдымен аймақ басшысы әлеуметтік павильондардың жұмысымен танысты.

«Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар азық-түлік дүкендеріне қарағанда арзанырақ сатылуда. Айталық, нан - 55 теңге, қарақұмық жармасының келісі - 315 теңге, қант - 190 теңге, пияз - 55 теңге. Бағалардың төмендігіне қарамастан, мұнда ұзын-сонар кезек жоқ.

- Біз аз қамтылған отбасыларға көмектесеміз десек, әсіресе орынды дұрыс таңдауға көңіл бөлуіміз керек. Әлеуметтік павильондардың санын 15-ке арттырудың жолын ойластырыңыздар. Сонымен қатар, олардың сыртқы дизайнын да өзгерту керек, - деп тапсырды Бердібек Сапарбаев.

Бұдан соң облыс әкімі әлеуметтік дүкен жанындағы «Smart» супермаркетіне ат басын бұрып, нанның бағасына назар аударды. Қазір бір бөлке нан 83 теңгеден сатылуда. Өткен айда наубайшылар ұнның қымбаттағанын алға тартып, нан бағасын 95 теңгеге көтерген болатын. Алайда, аймақ басшысының тікелей араласуымен әлеуметтік маңызы бар өнімнің бағасы қайта төмендетілді.

Сөрелерді бір шолып шыққан аймақ басшысы өңірде өндірілетін тауарлардың аз екеніне қынжылыс білдірді.

Содан кейін Бердібек Сапарбаев тағы бір әлеуметтік павильон болуы тиіс дүңгіршекке бас сұқты. Бірақ мұнда арзан тауарлар емес, сыртқы жағында жазылған жазуға қарағанда, лағман әзірлейтін орын тұр. Есігі тарс жабық. «Тараз» ӘКК «ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Олжас Қаржауов дүңгіршектің жабық тұрғанына бір жылға жуық уақыт болғанын айтты. Жақын арада павильонды қаланың басқа ықшамауданына ауыстыру жоспарлануда екен.

- Санитарлық нормалар неге сақталмайды? Жақын маңда аяқ киім жөнделіп жатыр. Қаланың келбеті туралы ойлауымыз керек, - деп атап өтті облыс әкімі.

«Корзинка» желісінің супермаркеттерінің біріне бара жатып, облыс әкімі ашық жатқан кәріз шұңқырына назар аударды.

- Қараңғыда біреу құлап кетсе, не болады? - деген аймақ басшысы ашуланып, люкті шұғыл жабуды бұйырды.

Аталған дүкенде нан 78 теңгеден сатылуда. Облыс әкімі супермаркетті өңірлік өнімдердің бар-жоғын тексерді. Мұнда Меркі ірімшігі зауытының айраны басқа өндірушілердің ұқсас тауарларына қарағанда 5-10 теңгеге арзан.

- Жамбыл облысында өндірілген тауарлардың үлесі жалпы көлемнің шамамен 35 пайызын құрайды. Олардың арасында шұжық, сүт, ет өнімдері бар. Әр апта сайын біз тауарлардың қол жетімділігін арттыру үшін түрлі акциялар өткіземіз, - деді дүкен директоры Қарлығаш Сатанова.

Облыс әкімі облыста өндірілетін өнім көлемін ұлғайтумен қатар, бағаның негізсіз көтерілмеуін қадағалау қажет екендігіне назар аударып, қала әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасына нақты тапсырмалар жүктеді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар