дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026 5:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ықпалды адамдарға тап болдым»: Серік Сәпиев болған жағдайдың мәнін ашып айтты

«Ықпалды адамдарға тап болдым»: Серік Сәпиев болған жағдайдың мәнін ашып айтты
instagram.com/serik_sapiyev
Серік Сәпиев пікірін әлеуметтік желіде жариялады

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өз орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты қоғамда кең талқылау тудырған жағдай жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Құрметті қазақстандықтар!

Ең алдымен, қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын. Халықтың қолдауы – мен үшін ең үлкен құндылық.

Болған оқиғаға қатысты нақты айта кеткім келеді: бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес.

Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді.

Ашық мәлімдеймін: Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды.

Барлықтарыңызға рақмет!

Қазақтың күші – бірлікте!", – деді Серік Сәпиев.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар