сенбі, 28 желтоқсан, 2024 6:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытайда көзге зиян тигізбейтін әлемдегі алғашқы дисплей шығарылды

Қытайда көзге зиян тигізбейтін әлемдегі алғашқы дисплей шығарылды
ашық дереккөзі
Қытайда көзге зиян тигізбейтін әлемдегі алғашқы дисплей шығарылды
Қытай өнертапқыыштары әлемдегі алғашқы көздің көруіне қатер төндірмейтін дисплей ойлап тапты.Бұл туралы Naked-science басылымы хабарлаған.
Бұл жаңа технологияны TCL Берлиндегі IFA 2020 көрмесінде алғаш рет ұсынды. Әзірлеушілер пайдаланушылардың көру қабілетіне кері әсер етпейтін экрандар шығаруды мақсат тұтқан. NXTPAPER қазірдің өзінде көзді қорғау технологиясына 11 патент алып үлгеріпті. Сондай-ақ Рейндегі неміс зертханасынан, SGS швейцариялық зертханасынан және VDE қауымдастығынан тиісті сертификаттар алды. "Біздің жобамыз қазір өте маңызды, өйткені көптеген қолданушылар үйден жұмыс істеуге және экранның алдында көп уақыт өткізуге мәжбүр. Біз жер шарының кез келген нүктесінен өнімді болуға және денсаулықты сақтауға көмектесетін құрылғылар жасау керек деп шештік", деді TCL бас менеджері Джефферсон Ли. Зерттеулер екі жыл бойы жүргізілген. Нәтижесінде компания nxtpaper - электронды кітаптарда тұрған экрандарға E-Ink балама ұсынды. Болашақта технология сұйық кристалды дисплейлерді алмастыра алады. Өйткені, жаңа дисплейдің түстер палитрасы кеңірек, ал жаңарту жиілігі мен пиксель тығыздығы әлдеқайда жоғары. Осының арқасында панель кез-келген жарықта жылтырлығы жоқ Full HD ретінде бейнені көрсетеді және іс жүзінде көк жарық шығармайды, ал ұзақ жұмыс кезінде көзді шаршатпайды. Жоғары шағылыспалы экран түстерді жақсы көрсету үшін табиғи жарықты пайдаланады және көру жүктемесін азайтады. Әзірлеушілер бұл жаңа технологияны "көзге зиян тигізбейтін әлемдегі алғашқы дисплей" деп мәлімдеді.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар