
Мәжіліс Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыруға бағытталған заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Құжатты талқылау кезінде депутаттар Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бапты енгізуді ұсынды – "Неке қиюға мәжбүрлеу", деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Заңға сәйкес, бұл әрекет үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, бостандығын шектеу немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер күш көрсету, жәбір көрген адамның кәмелетке толмағаны, қылмыстың бірнеше адам тарапынан немесе қызмет бабын пайдалану арқылы жасалғаны дәлелденсе, жаза күшейеді – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Егер бұл әрекет ауыр зардаптарға әкелсе, кінәлі тұлға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жәбірленушіні өз еркімен босату қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды – егер басқа қылмыстың белгілері болмаса да.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов соңғы үш жылда құзырлы органдарға қалыңдық ұрлау дерегі бойынша 214 шағым түскенін айтқан еді. Алайда олардың тек 10-ы ғана сотқа жеткен. Қалған істер қылмыстық құрамның болмауына байланысты жабылған.
Ұқсас жаңалықтар
Еңбек инспекторлары 19,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
- авторМағжан Орынбасар
- 10 маусым, 2025
Әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 9 маусым, 2025