сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жүк көлігі түгелдей өртеніп кетті

Жүк көлігі түгелдей өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Жүк көлігі түгелдей өртеніп кетті

Алматы-Ташкент жолында жүк көлігі өртеніп кетті.

Байзақ ауданының Алматы-Ташкент айналмалы тас жолының №486 шақырымында 2005 жылы шыққан, жүк автокөлігі өртенген. Небәрі 15 минуттың ішінде көлік толығымен жанып кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ, ведомство өңірдегі тәулік ішінде орын алған өрт оқиғалары туралы мәлімдеді.

«Облыс орталығы – Тараз қаласындағы «Аса» шағын аудандағы көпқабатты тұрғынүйдің пәтерінің бірінде өрт оқиғасы орын алған. От жауынгерлері пәтердегі өртті небәрі 14 минутта ауыздықтаған, сондай-ақ оқиға орнынан 15 адамды қауіпсіз орынға көшірген. Оның ішінде 4-уі бала. Бұдан бөлек, қаладағы «Байлық» ЖШС пластик өңдейтін цех өртенген. Аталған өрт оқиғасына өрт сөндіру бөлімдерінен 6 өрт сөндіру автокөлігі мен 1 автосаты, жеке құрамның 30 адамы жұмылдырылды. 150 шаршы метр аумақты құраған өрт жарты сағатта сөндірілген», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған өрт оқиғаларынан ешкім зардап шекпеді. Өрттің шығу себептері мен өрттен келтірілген материалдық шығын анықталуда. Департамент мамандары облыс және қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

inform.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар