сенбі, 5 қазан, 2024 23:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңа мешіт бой көтермек

Жаңа мешіт бой көтермек
ашық дереккөзі
Жаңа мешіт бой көтермек
Қазақ халқы қай кезде де қайырымдылыққа ерекше көңіл бөліп келген. Қайырымдылық жасауға ниеттенген азаматтар қалай да жолын тауып, айналасындағыларға хәл-қадірінше көмек қолын созып жүргенін көз көріп, құлақ естіп жүр. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің» дейді қазақ даналығы. Бәлкім, бұл да ұлтымыздың бойындағы үлкен ізгіліктің ұшқыны болар. Айта кету керек, өткен аптаның қасиетті жұмасында Дулат ауылдық округіне қарасты Бәйдібек ауылында жаңа мешіттің қазығы қағылды. Игі іске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен осы ауылдың тумасы Гүлнәр Дүйсебаева мен осы әулеттің мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Зубайда қажы Мауленқұлқызы, баласы Ақылбек пен қызы Алуа және күйеу баласы Әділет Айдарұлы бастамашы болып отыр. Аталған мешіттің құрылысына да осы әулеттің мүшелері демеушілік білдірмек. Имандылық үйін соғу туралы бастамаға бірден қолдау білдірген Дулат ауылдық округінің әкімі Найман Сұлтанбаев та ауыл ішінен мешітке арналған жер беліп беріпті. Мешіттің қазығын қағу рәсіміне облысымыздың бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, ауданымыздыз бас имамы Аят Алмаханбетов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерболат Досымбаев, аудандық ақсақалдар ұйымы кеңесінің төрағасы Қазақбай Байжұманұлы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, атақты күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев және жергілікті тұрғындар қатысты. Салтанатты шара барысында сөз сөйлеген облысымыздың бас имамы Б. Мырзагелдиев игі іске ұйытқы болып отырған Гүлнәр Дүйсебаева мен оның отбасына ризашылығын білдіріп, аудан тұрғындарын қайырымды істен шет қалмауға шақырды. Бұдан кейін құрылысы енді басталатын мешіттің алғашқы қазығы қағылып ,құран бағышталды. Шара соңында соңында Г.Дүйсебаева ауылдықтарға арнап ақ дастархан жайса, Бәйдібек ауылының тұрғындары З.Мәуленқызына ақ орамал тағып, камзол кигізді. Р.Хайруллин Шу ауданы әкімдігі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар