Жаңбыр, найзағай, бұршақ: қазақстандықтарды алда қандай ауа райы күтіп тұр
- авторБақытжан Бекболат
- 7 маусым, 2025
- 744

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7-9 маусым аралығында Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларындағы ауа райының қалай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Астана қаласы:
7 маусымда күн бұлтты болады. Таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал. Жел – солтүстік-шығыстан және шығыстан, күші 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнгі ауа температурасы +18...+20°С, күндіз +25...+27°С шамасында.
8 маусымда аспан бұлттанып тұрады, жаңбыр жауып, найзағайлы ауа райы күтіледі. Күндіз бұршақ болуы мүмкін. Желдің бағыты – солтүстік-шығыс, жылдамдығы 9-14 м/с, кей тұста 20 м/с дейін күшейеді. Түнгі ауа температурасы +15...+17°С, күндіз +20...+22°С.
9 маусымда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Аспан бұлтты. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +22...+24°С аралығында.
Алматы қаласы:
7 маусымда күн бұлтты болғанымен, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы +20...+22°С, ал күндіз +30...+32°С.
8 маусымда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, найзағай кезінде екпіні 13 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде +20...+22°С, күндіз +28...+30°С.
9 маусымда жауын-шашын күтілмейді, күн бұлтты. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +31...+33°С шамасында.
Шымкент қаласы:
7 маусымда түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауып, найзағайлы ауа райы болады. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнгі ауа температурасы +18...+20°С, күндіз +29...+31°С.
8 маусымда бұлтты болғанымен, күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы +18...+20°С, күндіз +33...+35°С.
9 маусымда жауын-шашынсыз, бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде +20...+22°С, күндіз +30...+32°С.
Тараз қаласы:
7 маусым, сенбі күні, Таразда күн бұлтты болып, түнде және таңертең найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жауын мен дауыл болуы ықтимал. Ауа температурасы түнде +18°C шамасында, күндіз +28°C-қа дейін жылынады. Желдің бағыты – оңтүстік-батыс, жылдамдығы 3-4 м/с аралығында.
8 маусым, жексенбі, түнгі уақытта аздаған жауын жаууы мүмкін, бірақ күндіз ауа райы ашық, жылы болады. Күндізгі температура +32°C-қа дейін көтерілсе, түнгі ауа температурасы +17°C шамасында болады. Жел әлсіз, бағыты – оңтүстік.
9 маусым, дүйсенбіде, жауын-шашын күтілмейді. Аспан бұлтты болғанымен, күн жылы өтеді. Түнде ауа температурасы +18°C, күндіз +31°C шамасында. Желдің жылдамдығы – 4 м/с.