Жаханға жарының жасаған тосын сыйы жұрттың жүрегін елжіретті
- авторБақытжан Бекболат
- 30 мамыр, 2025
- 336

Белгілі әзілкеш әрі шоумен Жаһан Отарғалиев Instagram желісінде жүрегін елжіреткен ерекше сәтпен бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бейнежазбада Жаханның жайбарақат отырғаны байқалады, ал жұбайы болса толқып, қобалжып тұр. Ол күйеуіне қарап: «Әрдайым мені сен қуантатынсың, енді кезек – менікі», – дейді.
Көп ұзамай Жаханға Ұмраға, яғни кіші қажылыққа жолдама табысталады. Бұл мейірімге толы сәт әзілкештің көңілін босатып, ол шынайы сезімін жасыра алмай, көз жасына ерік береді.
Желі қолданушылары бұл сыйлықты терең мәнге ие деп бағалап, пікірлерін жаудырды. «Аяғы ауыр шығар деп ойладық», «Бөпенің шұлығы шығып қалар деп күткенбіз», «Екі жолақ күткендер көп болды» деген әзілге толы жазбалармен қатар, «Алла бәрімізге осындай қуанышты сәттерді нәсіп етсін» деген тілектер де көптеп жазылды.
Жахан өз жазбасында: «Мұндай сыйлықты күтпеген едім. Аллаға шүкір!» – деп жарына алғыс айтып, әсерлі сәтпен бөлісті.