сенбі, 23 қараша, 2024 0:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданында жаңа форматтағы қызмет түрі көрсетіледі

Жамбыл ауданында жаңа форматтағы қызмет түрі көрсетіледі
ашық дереккөзі
Жамбыл ауданында жаңа форматтағы қызмет түрі көрсетіледі
Кеше ауданымызда болған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаменті басшысы Ғанижан Асанұлы, аталмыш агенттіктің жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат тобының штаб төрайымы, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты Ырза Тұрсынзадақызы мен агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Равиль Төлебаев Аса ауылындағы «OPEN SPACE» кеңсесінің жұмысымен етене танысып, аудан активімен жүздесті. Жаңа форматта қызмет көрсететін кеңсе «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзе асқан. Онда тұрғындарға жер қатынастары, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтің көптеген түрі ұсынылмақ. Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни келушілер қажетті қызмет түрін бір жерден ала алады. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Кеңсе жұмысына зер салған басшылар халық қажетін өтеу үшін қолға алынған жобаның берері мол екенін, алдағы уақытта жұмыс принциптері зерделеленетінін айтып, ұсыныс-пікірлерін алға тарттты. Мұнан соң аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кездесуді жүргізген аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев адалдықты ту еткен алқалы топ мүшелеріне сөз берді. – Заман дертіне айналған бармақ басты, көз қысты әрекеттердің тамырына балта шабатын кез келді әріптестер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, мейлінше ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында баршаңызды қалтаның қамын емес, жұрттың ертеңін ойлап жұмыс жасауға, еліміздің әлеуметтік-экономикасын көтеруге, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыруға шақырамын, – деді Ғанижан Асанұлы. Сондай-ақ салмақты сөз сабақтаған Ырза Тұрсынзадақызы көпшілікті қызметіне адал болуға, халқына қалтқыссыз қызмет ету мемлекеттік қызметкерлердің басты – міндеті екенін тілге тиек етіп, кеңсе жұмысы ғасыр індетін құрықтайтынына сенімін білдірді. Басқосуға аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысып отырды. Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар