дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 9:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында қызы әкесінен «студенттің» алиментін өндіріп алған

Жамбыл облысында қызы әкесінен «студенттің» алиментін өндіріп алған
Студент қыз әкесінен алимент өндірді. Коллаж авторы: Ернар Балғабай
Әке мен бала арасындағы азаматтық іс медиация жолымен шешілген

Жамбыл облысының аудандық сотында әке мен қызының арасындағы кикілжің қаралып, билердің көмегімен медиациялық келісім жасалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Д.есімді азаматша сотқа арыз жазып, әкесінен алимент өндіріп беруді сұраған. Бойжеткен аймақтағы жоғарғы оқу орындарының бірінде күндізгі бөлімде білім алған.

«Талап арыз берген азаматша күндізгі бөлімде білім алатындықтан, қаржылай қолдау қажет екенін айтып, әкесінен  оқуға байланысты алимент төлеуді талап еткен. Сотта татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде тараптар билердің көмегімен  медиациялық келісімге келді. Келісім бойынша, Д.-ға оқуға байланысты алимент төлеуге, ал талап қоюшы өз кезегінде талабынан бас тартуға міндеттенді», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сот ұйғарымымен келісім бекітілді, іс өндірісімен тоқтаған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар