ҰҚК жат ағым өкілдері бар қылмыстық топтарды құрықтау операциясын бастады
- авторjambylinfo.kz
- 17 ақпан, 2024
- 669
Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитеті бүгін, 17 ақпан күні Қазақстанның алты облысы мен бір қаласында жат діни ағымға кірген қылмыстық топтарды құрықтау операциясын бастады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, операция Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында өтеді.
«2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құрамында деструктивті діни ағымды ұстанушылар бар қылмыстық топтардың іс-қимылының жолын кесу бойынша операцияны бастады», - деп хабарлаған ҰҚК баспасөз қызметі.
Комитет бүгін басталған операцияның қорытындысын жақын күнде жариялаймыз деген мәлімет ұсынып отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024