Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жамбыл индустриалды – технологиялық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастардың көзқарасы» атты кездесу өтті.
Елбасының мемлекетіміздің тағдыры үшін маңызды құжатында айтылған мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап: «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да, жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен» деген. Мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Дегенмен, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, бұл індетті жоюға өз септінгін тигізеді.
Осы орайда, Жамбыл индустриалды– технологиялық колледжінде «саналы ұрпақ» клубы және «адалдық дүкені» жұмыс жасайды. Баланы үлкен өмірге тәрбиелейтін ұстаз. Алайда, «Баланың бас ұстазы- ата-ана». Сондықтан, «ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, баланы кішкентайынан адалдыққа үйрету ата-ананың басты міндеті. Іс-шара соңында, «саналы ұрпақ» клубының мүшелерін алғыс хаттармен марапаттап, арнайы сыйлықтар таратылды. Ал қатысушыларға сыбайлас жемқорлық туралы сұрақтар қойылып, жауап берген студенттерге сыйлықтар таратылды. Жастар өз ойларымен бөлісіп, келген қонақтарға бірқатар сұрақтар қойып, сауалдарына тиісті жауаптар алды.
Жансауле Жамбылқызы,
Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы»
ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Экобелсенділер Мойынқұмда алғаш рет аққайың отырғызды
Ұқсас жаңалықтар
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024