«Жаназа – 100 мың теңге»: Діни басқарма ресми жауап берді
- авторБақытжан Бекболат
- 2 шілде, 2025
- 938

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған ақпаратты алғаш болып айтыскер Алик Бекмусаев Threads желісіндегі парақшасында бөлісіп, “жоғарыдан келген бұйрық” деп жазған. Бұл жазба әлеуметтік желілерде тез таралып, қоғамда үлкен резонанс туғызды.
Алайда ҚМДБ өкілдері бұл мәлімдемені жоққа шығарып, жаназа рәсімінің ақысыз түрде орындалатынын нақтылады.
Сарысу ауданының бас имамы да бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, айтыскермен байланыс орнатуға тырысқанын, алайда оның тарапынан нақты дәлел ұсынылмағанын айтты.
– Жаназа намазы мешіттерде діни талаптарға сай тегін оқылады. Ақылы түрде өткізу туралы ешқандай ресми бұйрық немесе нұсқау берілген жоқ. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді, – делінген ҚМДБ хабарламасында.
Сонымен қатар, діни басқарма жалған ақпараттың қоғамда сенімге сызат түсіретінін және негізсіз алаңдаушылық тудыратындығын ескертті.
ҚМДБ азаматтарды кез келген діни мәселе туындаған жағдайда тікелей мешіттерге немесе ресми уәкілетті органдарға жүгінуге шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін де мүфтият халықты жалған дін атын жамылған алаяқтардан сақ болуға үндеген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Кредит рәсімдеуден өз еркіңізбен қалай бас тартуға болады
- авторБақытжан Бекболат
- 9 шілде, 2025